
Ү.ж. 13 желтоқсанда Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Таяу Шығыстағы спутниктік телекоммуникациялық қызметтердің ірі жеткізушілерінің бірі болып табылатын «Jordan Media City» (JMC) компаниясының штаб-пәтерінде болды.
Кездесу барысында JMC Атқарушы директоры Рада әл-Хас бүгінгі таңда 300-ден астам жергілікті және шетелдік теле- және радиоарналарды тарататын компанияның қызметі туралы дипломатты хабардар етті.
Кездесуде телекоммуникация, цифрлық технологиялар және медиаиндустрия саласында өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты орнату перспективалары талқыланды.