Амманда ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Амманда ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Ү.ж. 25 қарашада Қазақстанның Аммандағы Елшілігі Иорданияның Ұлттық кітапханасымен бірлесе отырып, ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырды.

Тақырыптық экспозицияда келушілерге тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен, мәдениетімен, табиғатымен, көрікті жерлерімен, сондай-ақ халықаралық аренадағы негізгі жетістіктерімен таныстыратын фотожұмыстар ұсынылды.

Іс-шараға Корольдікте аккредиттелген дипломатиялық корпус, академиялық орта, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.