Ү.ж. 11 қарашада Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов ИХК Туризм және ежелгі істер министрлігінің Бас хатшысы Имад әл-Хиджазинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі бағытта да туристік ағынды арттыру жолдары туралы пікір алмасылды. Осыған байланысты, қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Елшіліктің осы бағытта атқарып жатқан практикалық қадамдары, соның ішінде вакцинация паспорттарын өзара тану, тікелей әуе қатынасын іске қосу, сондай-ақ визалық талаптарды өзара жою туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығын және Иордания мемлекеттілігі құрылғанының 100-жылдығын мерекелеу аясында бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігі талқыланды.