
Ү.ж. 1 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу аясында Иордания Парламентінің Өкілдері палатасының Халықаралық ынтымақтастық комитетінің депутаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Жылы, достық кездесу барысында ҚР-дың Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Корольдік халық қалаулыларын Қазақстанның қалыптасу кезеңдері мен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы хабардар етті. ҚР Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы мен саяси реформалардың төрт пакетін жүзеге асыру бойынша пікір алмасуы орын алды. Сонымен қатар, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестегі (АӨСШК) Қазақстанның ағымдағы төрағалығының басымдықтарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде, парламенттік комитетінің төрағсы Мирза Кассым Болад Қазақстан – Иордания қарым-қатынастарының дәстүрлі жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ иордандық заң шығарушыларының парламенттік диалогты нығайту және түрлі салалардағы екіжақты байланыстарды кеңейту жолдарын іздестіру бойынша бірлескен жұмыс атқаруға ниетін растады. Осыған байланысты, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай екі елдің төменгі палаталары желісі бойынша келіссөздер жүргізу үшін парламенттік делегацияларының екі жақты сапарларын ұйымдастыруға мүдделілік білдірілді.