Нұр-Сұлтанда АӨСШК мүше-елдердің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтеді

Нұр-Сұлтанда АӨСШК мүше-елдердің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтеді

2021 жылғы 11-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше-елдердің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтеді. Осы орайда, бүгінде Қазақстан ұйымның төрағасы (2020-2022 жж.) екенін атап өтеміз.

АӨСШК - Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық форум. Мүше-мемлекеттер БҰҰ Жарғысына бейілділік танытып, Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке диалог пен ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болады деп есептейді.

АӨСШК шақыру идеясын алғаш рет 1992 жылғы 5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев жариялады.

1999 жылғы 14-қыркүйекте Алматыда өткен АӨСШК мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің Бірінші отырысында қабылданған АӨСШК-не мүше мемлекеттері арасында қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясы мен 2002 жылғы 4-маусымда Бірінші саммитте қабылданған Алматы заңы )АӨСШК Жарғысы) АӨСШК-нің негізгі құжаттары болып табылады.

Негізгі құжаттардың рухына сүйене отырып, АӨСШК заң үстемдігі, мүше мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау және экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзара іс-қимыл принциптеріне негізделген саясат жүргізеді. АӨСШК барлық шешімдері консенсус негізінде қабылданады.

Бүгінгі күні АӨСШК құрамына жиырма жеті ел кіреді, бұл Азия құрлығының 90%-ға жуық мемлекеттері мен халықтарын қамтиды. Сондай-ақ, тоғыз тоғыз ел мен бес халықаралық ұйым, соның ішінде БҰҰ бақылаушы мәртебесіне ие.

Ұйыммен толығырақ танысу үшін АӨСШК веб-сайтына кіріңіз: https://www.s-cica.org/index.php.