Амманда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне дайындық барысы талқыланды

Амманда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне дайындық барысы талқыланды

Ү.ж. 29 қыркүйкте Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иорданияның Корольдік конфессияаралық зерттеулер институтының директоры Рина Хаттармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында дипломат сұхбаттасушыны жақында жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады және Институтпен орнатылған жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміт білдірді.

Осыған байланысты, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағы екіжақты қатынастардың жағдайы мен болашағы талқыланды.

Сонымен қатар, Елші Иордания тарапын Қазақстан билігінің қоғамдық және мәдени өмірде жүргізіліп жатқан бейбітшілік пен келісім саясаты, сондай-ақ 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне дайындық барысы туралы хабардар етті.