Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына Иорданияның астанасы Амман қаласында тақырыптық көрме ашылды

Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына Иорданияның астанасы Амман қаласында тақырыптық көрме ашылды

Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған
іс -шаралар аясында Амман әкімдігінің «Ras Al-Ain» көркем галлериясында тақырыптық көрме ашылды.

Онда бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығы, сонымен қатар сүретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі К.Куюковтың суреттері ұсынылған. Аталған іс-шараға иордан жұртшылығының, дипломатиялық корпустың, сарапшылар тобының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Өзіңің құттықтау сөзінде ҚР-дың Иорданиядағы Елшісі А.Тұматов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабу туралы тарихи шешімі, Қазақстанның ядролық қарудан азат әлем құруға бағытталған және  нәтижесінде 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып жарияланған ядролық қаруға қарсы бастамалары туралы хабардар етті.