Қазақстан Республикасының Аммандағы Елшілігі ү.ж. 4-9 тамыз аралығында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Е.Байдәулеттің Иордания Хашимит Корольдігіне жұмыс сапарын ұйымдастырды.

   Іс-сапар барысында Сыртқы істер және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің жоғары басшылығымен, сондай-ақ Иорданияның Инвестициялық комиссиясымен жүргізілген келіссөздер барысында аталған институттың қызметі таныстырылды және Иорданияның осы ИЫҰ-ның мамандандырылған құрылымына кіру перспективалары талқыланды. Корольдіктегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі жергілікті биліктің нұсқауларын назарға ала отырып, иордан тарапы екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде АҚИҰ-ның толық мүшесі ретінде, одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

Делегация «Ақаба» арнайы экономикалық аймағының, сондай-ақ негізгі стратегиялық объектілерді басқаратын «Aqaba Development Corporation» компаниясының басшылығымен өткізген кездесулер барысында АЭА-ның инвестициялық және агроөнеркәсіптік әлеуетімен, сондай-ақ аймақтың көлік-логистикалық жүйесімен таныстырылды.