
Ү.ж. 27 шілдеде Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов ИХК Парламенті Өкілдер палатасының спикері Абдель Монейм әл-Аудатпен кездесті.
Кездесу барысында иордан тарапына елімізде жүзеге асырылып жатқан президенттік саяси реформалар пакетінің негізгі бастамалары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, дипломат саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісін және олардың Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде өту шегін төмендету, дауыс беру бюллетеньдеріне «бәріне қарсы» бағанын қосу, партиялық сайлау тізімдеріне әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квота енгізу сияқты заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды атап өтті. Сонымен қатар, Елші саяси жүйені жаңарту аясында ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын көздейтін Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар биылғы жылы Қазақстан-Иордания парламенттік достық тобының отырысын өткізу арқылы төменгі палаталар арасында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге уағдаласты.