ҚР Елшісінің Иордания Сенатының Спикерімен кездесуі

ҚР Елшісінің Иордания Сенатының Спикерімен кездесуі

Ү.ж. 20 мамырда Қазақстан Республикасының Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания Сенатының Төрағасы Фейсал әл-Фаезбен қабылданды.

Кездесу барысында тараптар екі елдің жоғарғы палаталары арасындағы байланыстарды, ең алдымен Қазақстан-Иордания парламенттік достық тобының жұмысын жандандыру арқылы одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, екіжақты және көпжақты ынтымақтастық ықпалдастық мәселелері,  олардың ішінде АӨСШК және ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы шеңберіндегі мәселелері талқыланды.