Амман қаласында білім беру саласындағы қазақстан-иордан ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды

Амман қаласында білім беру саласындағы қазақстан-иордан ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды

Ү.ж. 5 мамырда Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов ИХК Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Мұхаммед Әбу Кудайспен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мен одан әрі дамытудың практикалық аспектілері, солардың ішінде студенттер алмасу мәселелері қарастырылды.

Осы ретте, Иордания тарапына Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің (ҚазМҮББУ) бас лицензиядан айырылуына байланысты қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігімен осы оқу орнында бұрын оқыған барлық иорданиялық студенттер басқа бейінді университеттерге, оның ішінде С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне ауыстыру мәселесі пысықталып жатқандығы туралы хабардар етілді.