Қазақстан Елшісінің Иордания Ауыл шаруашылығы министрімен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Иордания Ауыл шаруашылығы министрімен кездесуі туралы

Ү.ж. 27 сәуірде Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иорданияның Ауыл шаруашылығы министрі Халед әл-Хнейфатпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, солардың ішінде екі ел арасындағы сауданы кеңейту перспективаларын талқылады. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешенінің өкілдерін осы жылдың ортасында Қазақстан-Иордания сауда-экономикалық үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы шеңберінде жоспарланған бизнес-форумға қатыстыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу аясында екі ел басшылығының нұсқауларына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жолындағы өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға да өзара мүдделілік танытылды. Осы ретте, Иордания тарапы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының мүшесі ретінде қосылуға ерекше қызығушылығын білдірді.