
Ү.ж. 17 қарашада Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Юсеф әл-Батайнамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар әр түрлі деңгейдегі екіжақты саяси өзара іс-қимылдарды одан әрі нығайту және кеңейту жолына өз ниеттестіктерін растады. Бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде ИЫҰ мен АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екіжақты бастамаларды қолдау мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың соңына дейін Сім-аралық саяси консультациялардың кезекті раундын өткізу мүмкіндігі талқыланды.