
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Қиясовтың 2020 жылғы 2 қазандағы №54 қаулысына сәйкес келесі өзгерістер енгізілді:
- Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі - Анықтама) ұсынады.
- ҚР азаматтары болып табылмайтын адамдар Анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді.
- Дене температурасы қалыпты шектегі, анықтама берген, келген адамдарға тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне жол жүруді жалғастырады.
- Дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, CОVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
- Келген ҚР азаматтары анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады.
- COVID-19-ға зертханалық зертеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижемен келген адамдарға тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационардың карантиндік изоляторына емдеуге жатқызылады.
- Қазақстан Республикасына шетелден келетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болатын/тұратын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға жатады. Оларға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
Осы қаулы 2020 жылғы 6 қазанның 00 сағаттан бастап күшіне енді.
Қаулының толық мәтінімен астында көрсетілген сілтеме арқылы танысуға болады
https://beta.egov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/105415?lang=kk