Иордания спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруға қызығушылық танытуда

Иордания спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруға қызығушылық танытуда

Ү.ж. 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания Олимпиада комитетінің бас хатшысы Насер әл-Маджалимен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар алдағы уақытта Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына екі елдің ұлттық құрамаларының қатысуына дайындықты, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының шеңберінде өзара қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Қазақстандық спорттың халықаралық аренадағы маңызды жетістіктерін ескере отырып, Иордания тарапы спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға қызығушылық білдірді.