GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Өкілдік туралы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 сентября 2026
Алматыда Қытайдың құрылғанына 77 жыл толуы аталып өтті

Алматы, 2026 жылғы 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Eлшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай Қытайдың Бас консулдығының салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Қытай арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

17 сентября 2026
Алматыдағы «БҰҰ Плаза»-да ТДМ-ын іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның оныншы көптарапты форумы өтті

Алматы, 2026 жылғы 16 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «БҰҰ Плаза»-да Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның оныншы көптарапты форумына қатысты, сөз сөйледі.

Іс-шараны БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Солтүстік және Орталық Азия жөніндегі субөңірлік кеңсесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен серіктестікте ұйымдастырып отыр.

Өз сөзінде Елші өңір елдерінің климаттың өзгеруі мен су қауіпсіздігінен бастап, цифрлық трансформация мен адами капиталды дамытуға дейінгі ортақ сын-қатерлерді шешу үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Алматыдағы Өңірлік орталығының Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақты дамуын қолдау мақсатында тәжірибе алмасу, әріптестікті нығайту және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін маңызды алаң ретіндегі рөліне ерекше тоқталды.

Форум барысында сапалы білім беру, теңсіздікті азайту, орнықты тұтыну мен өндіріс, жерүсті экожүйелерін сақтау, сондай-ақ дамуды қаржыландыру, өңірлік ынтымақтастық және көптарапты әріптестік мәселелері талқыланды.

Іс-шараға БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерінің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Солтүстік және Орталық Азия мемлекеттерінің, ғылыми қоғамдастықтың, азаматтық қоғам мен жеке сектордың өкілдері қатысуда.

10 сентября 2026
Алматыда гендерлік зорлық-зомбылықты медиада этикалық жариялау мәселелері талқыланды

 

Алматы, 2026 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев «БҰҰ Плаза»-да өткен «Бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік зорлық-зомбылықты дұрыс әрі этикалық тұрғыда жариялау» тақырыбындағы тренерлерге арналған өңірлік тренингтің ашылуына қатысты.

Іс-шараға Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Елдік кеңсесінің өкілі Джерен Гювен Гюрес, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен келген журналистер, редакторлар және медиа-сарапшылар қатысты.

Өз сөзінде СІМ өкілі гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Іс-шара өңірдің медиа қоғамдастығында жауапты әрі кәсіби стандарттарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

10 сентября 2026
Алматыдағы «БҰҰ Плаза»-да Даму бойынша жаңа серіктестердің Үшінші отырысы өтті

 

Алматы, 2026 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «БҰҰ Плаза»-да Даму бойынша жаңа серіктестерінің дамушы елдерге көрсетілетін көмектің тиімділігін мониторингілеу тақырыбына арналған, БҰҰ-ның Оңтүстік–Оңтүстік ынтымақтастығы күніне орайластырылған Үшінші отырысының ашылуына қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шараны Қазақстанның халықаралық даму агенттігі (KazAID) және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орталық Азия жөніндегі субөңірлік бөлімшесімен (БҰҰ АТМЭӘК) бірлесіп ұйымдастырды.

Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның халықаралық даму стратегияларын іске асыру мақсатында экономиканы әртараптандыру, көлік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту және цифрлық трансформация салаларында бірлескен бастамалар мен әріптестік қатынастарды жандандыруға бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің мақсаттарын бірлесіп ілгерілетудің маңыздылығына тоқталды.

Елші Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының рөлін де атап өтті.

Іс-шараға Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Латын Америкасының даму агенттіктері мен сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ бақылаушыретінде Орталық Азия елдері мен Моңғолия қатысты.

 

 

21 августа 2026
Алматыда ТүркПА сайлау байқау миссиямен кездесу өтті

 

Алматы, 2026 жылғы 21 тамыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауды бақылау жөніндегі Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы, Қырғызстан Жогорку Кеңешінің депутаты Ұлықбек Карыбек уулу бастаған ТүркПА миссиясын қабылдады. Халықаралық байқаушылар делегациясының құрамына сондай-ақ Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты кірді.

Кездесу барысында тараптар алдағы сайлауға дайындықты, сондай-ақ ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемелерге сәйкес ашық әрі айқын сайлау процесін өткізуді талқылады.

Миссия өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, ТүркПА шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

 

07 августа 2026
Алматыда университеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті

 

2026 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ұйымдастырған Университеттер арасындағы командалық шахматтан әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

49 елден 79 команда қатысқан іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалдық кезеңге әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерін қоса алғанда, 16 университет құрамасы жолдама алды.

Қазақстан атынан чемпионатқа Қазақ ұлттық спорт университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Almaty Management University командалары қатысты.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар және академиялық қоғамдастық өкілдері қатысты.

 

03 августа 2026
ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінде Қытайдың Бас консулымен кездесу

2026 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулы Су Фанцюмен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін қоса алғанда, консулдық мәселелерге ерекше назар аударылды. Дипломаттар болашақта екіжакты форматта өзара іс-қимылды белсенді колдауға дайын екендіктерін растады.

28 июля 2026
Алматыда Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жаһандық стратегиялық диалог өтті

 

2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Жастар – өзгерістердің қозғаушы күші: нормативтік прогрестен практикалық іске асыруға дейін» тақырыбындағы Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жаһандық стратегиялық диалогтың ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) тарапынан БҰҰ-ның Жастар істері жөніндегі басқармасымен және БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ)серіктестікте, сондай-ақ Италия Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Өз сөзінде Елші БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2250 резолюциясына негізделген «Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін іске асырудың алғашқы онжылдығының қорытындыларын атап өтіп, аталған күн тәртібін одан әрі институционалдандырудың маңыздылығына тоқталды және оны ілгерілетудің басым бағыттарын айқындады. Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын дамыту тәжірибесіне, БҰҰ жүйесінің мекемелерімен өзара іс-қимылына, сондай-ақ Алматы қаласында құрылып жатқан Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының өңірлік ынтымақтастықтың жаңа алаңы ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Онлайн-құттықтау сөзбен сондай-ақ ЮНФПА Атқарушы директоры Диене Кейта сөз сөйледі. Іс-шараға БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, ЮНФПА-ның Қазақстандағы Елдік өкілі Чинве Огбонна, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерния қатысты.

Жаһандық стратегиялық диалог «Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін практикалық тұрғыда іске асыру тетіктерін талқылау үшін БҰҰ жүйесі мекемелерінің, сарапшылар қауымдастығының, мемлекеттік органдардың өкілдерін және әлемнің түрлі өңірлерінен келген жас көшбасшыларды біріктірді.

 

22 июля 2026
Өкілдік Басшысы АҚШ-ның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті

2026 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Алматыдағы Америка Құрама Штаттарының жаңадан тағайындалған Бас консулы Питер Кауфманға экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, АҚШ-ның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.

 

22 июля 2026
Бастилияны алу күні – Францияның Ұлттық күні

2026 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Француз Республикасының Ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күніне орай салтанатты қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге де қатысты. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Франция арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Франция арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы