«Жыл сайынғы Тәжібаев оқулары»

«Жыл сайынғы Тәжібаев оқулары»

2025 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Академик Төлеген Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Білім беру мен психология ғылымының дамуы: өткені, бүгіні, болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияныңда «Жыл сайынғы Тәжібаев оқулары» аясында сөз сөйледі. Өз сөзінде Өкілдік басшысы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрінің сыртқы саяси қызметті дамытуға және елдің мүдделерін халықаралық аренада ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтті. Дипломатиялық сала үшін кәсіби кадрлар даярлауда академиктің рөліне ерекше назар аударылды. Конференция барысында ғалымдар, дипломаттар мен журналистер Т.Т. Тәжібаевтың халықаралық қатынастар, білім және ғылым саласындағы жетістіктерін талқылады. Сонымен қатар, академик Т.Т. Тәжібаев туралы бес томдық кітаптің және «Жалпы психология» атты қайта басылған оқулықтың тұсаукесері өтті.