Өкілдік Басшысы Польшаның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті

Өкілдік Басшысы Польшаның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті

2025 жылы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Польша Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Дариуш Шевчыкқа экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Польшаның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.