ЮНЕСКО Жаһандық жастар форумы

ЮНЕСКО Жаһандық жастар форумы

2025 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының Бірінші Жаһандық жастар форумына қатысты. Форум өңір жастары арасында білім, ғылым және мәдениет саласында пікір алмасу және шешімдер әзірлеу алаңына айналды.