
2025 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Сәуле Жақаевамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мен «Ситибанк» арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Кездесу соңында тараптар өңірдің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға дайын екендіктерін растады.