«UBM Group» венгриялық компаниясымен кездесу

«UBM Group» венгриялық компаниясымен кездесу

2025 жылдың 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «UBM Group» венгриялық компаниясының Бас директоры Петер Хорватпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстанда, атап айтқанда Алматы қаласында құрама жем және премикс өндіретін зауыттар, зертханалар мен оқу орталығы құрылысының жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларына назар аударылды. Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға күш-жігерді белсенді қолдауға келісті.