
2025 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе және Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесуге қатысты. Сапар барысында қонақтар жаңа халықаралық терминалды аралап, оның өңірдің авиациялық торабының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Өкілдік басшысы жаңа терминалдың Алматыны Орталық Азияның негізгі авиациялық хабы ретінде дамытудағы табысты инвестициялық жоба екенін атап өтті. Сондай-ақ, Франция елшісінің сапары инфрақұрылым және инвестициялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айқындайтынын жеткізді.