Өкілдік басшысы ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының өкілдерін қабылдады

Өкілдік басшысы ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының өкілдерін қабылдады

 2025 жылдың 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2025 жылдың 19-20 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының Бірінші Жаһандық жастар форумы ерекше назарға алында. Аталмыш форум өңір жастары арасында білім, ғылым және мәдениет саласында пікір алмасу және шешімдер әзірлейтін платформа болатынын атады.

Кездесу соңында тараптар өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға дайын екендіктерін растады.