Үндістан Республикасының күніне орай қабылдау

Үндістан Республикасының күніне орай қабылдау

2025 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Үндістан Республикасының 76-шы күніне орай қабылдауда сөз сөйледі. Өкілдік басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы саяси, экономикалық және консулдық салалардағы екіжақты қатынастардың дамуын атап өтті. Ауыл шаруашылығындағы, энергетикадағы және жоғары технологиялардағы перспективаларға, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты дамыту үшін Орталық Азия-Үндістан диалогының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарды нығайтуға сенім білдірді.