UNESCO аймақтық кеңсесінің директорымен кездесу

UNESCO аймақтық кеңсесінің директорымен кездесу

2025 жылдың 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры (UNESCO) Амир Пиричпен кездесу өткізді.

Тараптар өткен 2024 жылдағы бірлескен ынтымақтастықты қорытындылай отырып, су мәселелерін шешу және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша маңызды жетістіктерді атап өтті. Сонымен қоса Қазақстанның Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру бастамасы ерекше назарға алынып өңірдің барлық елдері мен БҰҰ Бас хатшысының қолдауына ие болғандығын атады.

ЮНЕСКО өкілі серіктестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын ескере отырып, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуленің 2023 жылғы сапарын екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Сонымен қатар 2025 жылдың 19-20 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар форумы ерекше назарға алында. Аталмыш форум өңір жастары арасында білім, ғылым және мәдениет саласында пікір алмасу және шешімдер әзірлейтін платформа болатынын атады.