Өкілдік Басшысы Ұлыбритания Елшісін қабылдады

Өкілдік Басшысы Ұлыбритания Елшісін қабылдады

2024 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін қоса алғанда, консулдық мәселелерге ерекше назар аударылды.

Дипломаттар болашақта екіжакты форматта өзара іс-қимылды белсенді колдауға дайын екендіктерін растады.