
2024 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мохсен Фағани қабылдады. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі.