
2024 жылы 10 желтоқсанда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігі Басшысының орынбасары Сергей Викторов Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін әлеуетті дамыту өңірлік орталығының Халықаралық валюта қорының (CCAMTAC) ақпараттық сессиясында сөз сөйледі.
Өз сөзінде орталықтың өңір елдерінің орнықты экономикалық даму саласындағы ынтымақтастығын нығайтудың негізгі платформасы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Орталықтың макроэкономикалық және фискалдық басқару, валюталық операциялар, қаржы секторын реттеу және қадағалау, статистика және құрылымдық реформалар сияқты бағыттар бойынша практикалық екіжақты техникалық көмек көрсетуге қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде сессияға қатысушылар өңірдің тұрақты және инновациялық экономикасын құруға бағытталған негізгі міндеттерді іске асыру үшін осындай бастамаларды қолдауды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.