Жаппар Жұманның 70 жылдығына арналған конференция

Жаппар Жұманның 70 жылдығына арналған конференция

2024 жылғы 6 желтоқсанда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының Басшысы Алмаша Аренова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА құрметті академигі, экономика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры, Халықаралық қолданбалы зерттеулер Орталығының директоры, «Нәзір Төреқұлов» қайырымдылық қорының президенті Жаппар Жұманның 70 жылдығына арналған «Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарды, халықаралық құқықты және әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері: ықтимал шешімдерді іздеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, ҚР Сыртқы істер Министрінің орынбасары Роман Василенконың құттықтау сөзін оқып, табыстады.