
2024 жылғы 21 қарашада Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Тәжікстанның Бас консулы Р. Бобохонзоданы қабылдады. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі.