
2024 жылғы 19 қарашада Ерекше тапсырмалар бойынша Елші – ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Жәнібек Әбдрашов SMITA халықаралық сауда ұйымының Президенті Меган Сумен және Оңтүстік-Шығыс Азия компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.
Ұйым шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға, халықаралық нарықтарға шығуға және Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға бағытталған өз қызметін таныстырды.
Тараптар жергілікті ШОБ үшін презентациялар өткізуді, қазақстандық кәсіпкерлердің экспортын қолдау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді және инновациялық жобаларды ілгерілетуді қоса алғанда, негізгі бастамаларды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жергілікті кәсіпкерлікті қолдау және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бастамаларын одан әрі іске асыруды қолдады.