ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінде Қызыл Крестпен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінде Қызыл Крестпен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

2024 жылғы 18 қарашада Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Жәнібек Әбдрашов Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының Орталық Азия бойынша делегациясының Басшысы Севаль Гузелкилинчпен кездесу өткізді.

Кездесу аясында тараптар денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және табиғи апаттарға ден қою саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. С. Гузелкилинч ауылы Федерацияның Қазақстандағы жоспарланған жобаларын, соның ішінде Федерацияның Алматы қ. Өкілдігі базасында гуманитарлық дипломатияның Өңірлік хабын құруды ұсынды. 

Өкілдік Басшысы Қазақстан мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде өңірдегі гуманитарлық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. 

Кездесу соңында тараптар белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға және гуманитарлық қауіпсіздік саласындағы жаңа жобаларды қолдауға келісті.