Алматы қ. «Әділетті Қазақстан және Қытай арманы» монографиясының тұсаукесері өтті

Алматы қ. «Әділетті Қазақстан және Қытай арманы» монографиясының тұсаукесері өтті

2024 жылғы 13 қарашада ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы - Ерекше тапсырмалар бойынша Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Әділетті Қазақстан және Қытай арманы: қазіргі заманғы даму стратегиясының мүмкіндіктері мен перспективаларын талдау» ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтының, Саяси зерттеулер орталығының өкілдері, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» сараптамалық клубының мүшелерінің ұжымдық монографиясының тұсаукесерінде сөз сөйледі. Басылым Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алғашқы мемлекеттік сапарының 5 жылдығына орайластырылған.

 

Іс-шараға Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулы Цзян Вэй, ҚР мемлекеттік органдардың, сарапшылық қауымдастықтың, қоғамдық өкілдері, саясаттанушылар мен журналистер қатысты.

 

Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының серпінді дамуын атап өтіп, 2023 жылы тауар айналымының 41 млрд АҚШ долларына дейін рекордтық өскенін және бұл көрсеткішті екі есеге арттырудың өршіл жоспарларын атап өтті. Өкілдік Басшысы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының және визасыз режимді енгізудің арқасында көлік және мәдени байланыстарды нығайтуға баса назар аударды.

 

Монография саясаттану, халықаралық қатынастар, экономика, тарих және мәдениет саласындағы қазақстандық және қытайлық сарапшылардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. Зерттеудің негізгі міндеті Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ағымдағы жай-күйі мен перспективаларына объективті талдау жүргізу болды.

 

Тұсаукесер екі елдің жан-жақты және ұзақ мерзімді серіктестігін одан әрі тереңдетуге бағытталған пікірлер мен ұсыныстармен алмасу платформасын құрды.