
2024 жылдың 13 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына және Шығыстану факультетінің құрылғанына 35 жыл толуына арналған «Дербісәлі оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өтті. Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Жәнібек Әбдрашов өз сөзінде ҚазҰУ-нің елдің ғылыми және зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Шығыстану факультеті мен академик Әбсаттар қажы Дербісәлінің жоғары білікті мамандар даярлаудағы және қазақ-араб байланыстарын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Конференция ғылыми идеялармен алмасу және Қазақстанның Таяу Шығыспен және басқа өңірлермен ынтымақтастығын нығайту алаңына айналды. Қатысушылар Шығыстану зерттеулерінің перспективаларын және одан әрі ғылыми ынтымақтастықты талқылады.