
2024 жылғы 11 қарашада Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулы Цзян Вэймен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Консулдық сипаттағы мәселелерге, оның ішінде екі елдің азаматтарының құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі күш-жігерді жалғастыруға келісті.