
2024 жылғы 2 қарашада Алматы қ. Дипломатиялық клубы Қазақстан Республикасы күні мерекелеуге арналған «Достық кубок - 2024» волейбол турнирін өткізді. Алматы қ. Дипломатиялық клубының Президенті мен Қытай Бас консулдығының басшылығымен ұйымдастырылған іс-шара түрлі дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінің, және де Қытай, Ресей, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Бас консулдықтарының, сондай-ақ БҰҰ өкілдіктерінің командаларын біріктірді. Қатысушыларға Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Жәнібек Әбдрашов, Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй, және Алматы қ. волейбол федерациясының президенті Амандық Баталов сөз сөйледі. Бұл құрметті қонақтар халықаралық ынтымақтастық пен елдер арасындағы достық байланыстарды нығайту үшін спорттық іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Турнир аяқтаулына бойынша бірінші орынды ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінің командасы иеленді.