
2024 жылғы 31 қазанда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігі Алматы қ. Әкімдігімен бірлесіп Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атынан Ерекше тапсырмалар Бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы, Ж. Әбдрашов, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңыздылығын атап өтіп, қонақтарды мерекемен құттықтады. Ж. Әбдрашов Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін атап өтіп, елдің көпжақты сыртқы саясатқа бейілділігін және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Олардың ішінде Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құруға ерекше назар аударылды, ол өңір елдерінің және БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерриштің қолдауына ие болды.
Алғыс сөздер Алматы қ. Әкімі, Е. Досаевқа, және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректорына, Г. Тасбергеноваға, іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін жолданды.
Алматы қ. әкімінің орынбасары, Ә. Әбдіқадыров құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараның құрметті қонақтары Алматы қ. аккредиттелген дипломатиялық корпустың, БҰҰ агенттіктерінің өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық қызмет ардагерлері болды. Концерттік бағдарламамен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының әртістері өнер көрсетті.