
2024 жылғы 29 қазанда Түркия Республикасының құрылғанына 101 жыл толуына орай Түркияның Бас консулдығы ұйымдастырған қабылдау өтті. Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы, Ж. Әбдрашов, құттықтау сөз сөйледі. Елші Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюын, сондай-ақ екіжақты тауар айналымының өсуін атап өтіп, Түркия Қазақстанның жетекші сауда серіктестері мен инвесторларының қатарына кіретінін атап өтті. Өз сөзінде, ол мәдени және білім беру байланыстарының маңыздылығын, соның ішінде түрік фильмдерінің апталығын және біздің халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал ететін «Түркия ноталары» концертін атап өтті.