2024 жылғы 24 қазанда Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы, Ж. Әбдрашов, Сингапур Республикасының Алматы қ. Құрметті консулдығы филиалының ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі, З.Бахарудин, және Сингапурдың Қазақстандағы Құрметті консулы, Т. Чиникеев, сөз сөйледі. Ашылу салтанатына шет мемлекеттердің Бас консулдары, Құрметті консулдар және Қазақстанда тұратын Сингапур азаматтары, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
Өз сөзінде, Өкілдік Басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы мамырда Сингапурға сапары екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды кезең болғанын атап өтті. Сондай-ақ, елдеріміз арасындағы мәдени, экономикалық және консулдық байланыстарды нығайту үшін құрметті консулдықтың ашылу маңыздылығы атап өтілді.