
2024 жылғы 14 қазанда Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы, Ж. Әбдрашов, Марокко Корольдігінің Құрметті консулы, Д. Атамқұловпен, кездесу өткізді. Кездесу барысында, екіжақты өзара іс-әрекеттесудің негізгі аспектілері, сондай-ақ Құрметті консулдар қоғамы мен ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігі арасындағы белсенді ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Екі тарап екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.