Қазақстан мен Германия "Германия экономикасының 26-шы күні" конференциясында экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Германия "Германия экономикасының 26-шы күні" конференциясында экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

2024 жылғы 10 қазанда – ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігі Басшысының орынбасары, С. Викторов, Қазақстан Республикасындағы Герман экономикасы Одағы (VDW) және Орталық Азиядағы Герман экономикасы Өкілдігі (AHK) ұйымдастырған "Қазақстандағы герман экономикасының 26-шы күні" конференциясына қатысты.

 

Өз сөзінде, С. Викторов, Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың айтарлықтай өскенін атап өтіп, жоғары деңгейдегі сапарлардың маңыздылығын және екі елдің бизнес-топтарының белсенді қатысуын атап өтті. Негізгі жетістіктердің ішінде күн парктерін, цемент зауыттарын салу бойынша табысты жобалар мен "жасыл" энергетика саласындағы бастамалар атап өтілді.

 

Өз кезегінде, конференцияға қатысушылар бірлескен перспективалық жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытып, одан әрі өзара ынтымақтастықты жолға қоюға ұмтылыстарын білдірді.