Өкілдік Басшысының Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығымен (EUROBAK) кездесуі

Өкілдік Басшысының Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығымен (EUROBAK) кездесуі

2024 жылғы 9 қазанда – Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы, Ж. Әбдрашов, Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығының (EUROBAK) Бас директоры, Ю. Кусидимен, және Үкіметпен байланыс жөніндегі менеджер, О. Маликовамен, кездесу өткізді. Кездесу барысында, тараптар инвестициялық ахуалды жақсарту контекстінде Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мен EUROBAK арасындағы одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу соңында, EUROBAK өкілдері экономикалық ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда жайлы іскерлік орта құру мақсатында ҚР Үкіметімен белсенді өзара іс-әрекеттесуге дайын екендіктерін білдірді.