
2024 жылғы 8 қазанда Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы, Ж. Әбдрашов, ЮНФПА өңірлік директорының орынбасары, Қ. Бекпен, ЮНФПА Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға өңірлік кеңсесінде (EECARO) стратегиялық әріптестік жөніндегі өңірлік кеңесшісі, М. Дьяволовамен, және Алматыдағы Орталық Азия бойынша ЮНФПА субөңірлік кеңсесінің Басшысы, С. Есперансамен, кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өкілдік Басшысы медициналық білім беру, Гендерлік теңдік және тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету үшін демографиялық деректерді жинау саласындағы негізгі мәселелерді шешу үшін Алматы қаласындағы ЮНФПА Субөңірлік Кеңсесімен өзара іс-әрекеттесудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы бастамасын атап өтіп, оны өңірдің барлық елдері мен БҰҰ Бас хатшысы қолдады.
Келесі елдік бағдарлама шеңберінде ЮНФПА өкілдері Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНФПА арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.