Герман бірлігі күніне орай қабылдау

Герман бірлігі күніне орай қабылдау

2024 жылғы 4 қазанда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы, Ж. Әбдрашов, Германия Федеративтік Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырған Герман бірлігі күніне арналған қабылдауда құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде, Ж. Әбдрашов Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцтың Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты диалогты одан әрі нығайтуды бейнелейтін Қазақстанға сапарының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол канцлер Шольцтың «Орталық Азия + Германия» екінші саммитіне қатысуының маңыздылығын атап өтті, онда Орталық Азия мен Германия арасындағы көпжоспарлы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары айқындалды.

Өкілдік Басшысы табысты экономикалық ынтымақтастыққа, сондай-ақ Қазақстан-Неміс университеті мен Гете-институт сияқты бірлескен білім беру және мәдени жобалардың маңыздылығына ерекше назар аударды.