Mathias Corvinus Collegium (MCC) студенттерімен кездесу

Mathias Corvinus Collegium (MCC) студенттерімен кездесу

2024 жылғы 27 қыркүйекте Ерекше тапсырмалар бойынша Елші – Алматы қ. ҚР СІМ Өкілдік Басшысы Ж. Әбдрашов Mathias Corvinus Collegium (MCC) Мажарстан оқу орнының профессорларымен және халықаралық қатынастар студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов мәдениет, тарих, сондай-ақ қазіргі дипломатиядағы IT технологиялардың рөлі туралы жан-жақты білімнің маңыздылығын атап өтіп, дипломатиялық қызметтің ерекшелігімен және жас мамандарға қойылатын талаптармен бөлісті. Кездесудің тәжірибе алмасу және халықаралық аренада өз елдерінің мүдделерін тиімді көрсете алатын болашақ дипломаттарды даярлау платформа ретінде маңыздылығын атап өтіп, білім беру саласындағы Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығына ерекше назар аударды. Кездесу соңында Өкілдік Басшысы халықаралық қатынастар саласындағы болашақ мамандарға мансаптарында табыс тіледі.