
2024 жылғы 24 қыркүйекте Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы, Ж. Әбдрашов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығымен, сондай-ақ, "Биоқауіпсіздік жөніндегі Герман-Қазақстан ынтымақтастығы" жобасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) "Биоқауіпсіздік және орнықты даму: стратегиялық тәсілдер" халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумына қатысты. Сөйлеген сөзде барысында Өкілдік Басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін "Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік" арнайы органын құру туралы бастамасы аясында биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың өзектілігін атап өтті. Симпозиум қорытындысы бойынша қатысушылар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаһандық төтенше жағдайларға одан әрі жедел ден қою қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.