
2024 жылғы 23 қыркүйекте Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Корея Республикасының Бас консулдығы қабылдау ұйымдастырды. Іс-шара барысында Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж.Әбдрашов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастар жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы $6 млрд. АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, 120 000 корей диаспорасы атап өтілді, ол "достықтың алтын көпірі" болып табылады және біздің халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға үлкен үлес қосады. Іс-шара бағдарламасына концерт пен ұлттық корей театрының элементтері де кірді.