
2024 жылғы 16 қыркүйекте Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж. Әбдрашов Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Өзбекстанның Бас консулы А.Каюмовты қабылдады. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі.