"Alma Fest" фестивалі Алматы қ. Тұнғыш Президент саябағында өтті

"Alma Fest" фестивалі Алматы қ. Тұнғыш Президент саябағында өтті

2024 жылғы 15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында жыл сайынғы қала күніне арналған “Alma Fest” фестивалі өтті. "Әлемдік Достық" аллеясында Алматы қ. Бас консулдықтар өкілдерінің 10 шатыры орналасқан, олар өздерінің ұлттық бұйымдарын, тағамдары мен кәдесыйларын көрмеге қойды. Қатысушы елдер: Әзербайжан Елшілігінің өкілдігі, және де Иран, Қытай, Корея, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Францияның Бас консулдықтары. Сондай - ақ, фестивальге Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж.Әбдрашов пен Алматы қ. әкімінің орынбасары А. Қалдыбеков қатысты.