Мажарстанның Ұлттық мерекесі - Әулие Иштван күніне арналған қабылдау

Мажарстанның Ұлттық мерекесі - Әулие Иштван күніне арналған қабылдау

2024 жылғы 6 қыркүйекте Мажарстанның Бас консулдығының бақшасында Мажарстанның ұлттық мерекесі - Әулие Иштван күніне арналған қабылдау өтті. Бұл Мажарстан Корольдігінің құрылуы және Мажарстанның бірінші королі Әулие Иштван I-ге құрмет көрсету үшін тойланатын мереке. Іс-шарада Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж. Әбдрашов құттықтау сөз сөйледі. Қабылдаудың бағдарламасына венгерлік ұлттық тағамдары ұсынылған мерекелік фуршет, өнер көрмесі және би бағдарламасы кірді.